A
F
O
S

Жазғы дебат академиясы

Жазғы дебат академиясы- оқушыларды пікірсайысқа дайындап, дебаттық скилдарын көтеруге көмектесетін 10 күндік. Осы 10күндікте оқушылар Қазақстанның үздік спикерлерінен маңызды әрі пайдалы тренингтер мен лекциялар, қызықты воркшоптар алатын болады.
Жазғы дебат академиясының міндеттері:
-Оқушылар арасында пікірсайысты дәріптеу, каланың пікірсайыс клубтары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу;
-Оқушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, академиялық білім деңгейін арттыру, оқушылардың шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру;
-Оқушылардың  зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.
 
Жазғы дебат академиясына жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары қатыса алады. Уақыты: 10:00-13:00
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы,  «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс кеңсесі.
 
Академия 2 маусымнан тұрады:
 1- маусым 3.06-14.06.2024;
 2- маусым 17.06-28.06.2024.