A
F
O
S

Пікірсайыс кеңсесі

Астана қаласы «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс қозғалысы

Пікірсайыс - ұжымдағы әртүрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірталас кезінде қоғамда туындаған өзекті сұрақтарға өзінше жауап бере отырып, ойларымен алмасады.2 топ, үкімет және оппозиция үстелдері белгілі-бір тақырыпқа пікірталасып, қарсы ойнайды.
Пікірталас не үшін қажет?
Көптің алдында еркін әрі сауатты сөйлеу үшін;
Ораторлық шеберлікті арттырып, дәлелді сөйлеу;
Қате көзқарасты әділ сынап, жеңу үшін қажет.
 
Көбі  қоғамдық пікірталасқа қатыспаса да, адамдардың көзқарасымен келіспейтін жағдайлар көп кездеседі. Осы кезде пікірталас жақсы көмектеседі.
Үйренудің ең жақсы тәсілдерінің бірі-ұлы дебатерлерді сөйлеу мәнеріне назар аудару. Өз пікірсайыс дағдыларын шыңдау арқылы оларға еліктеуге тырысыңыз. Уақыт өте келе сіздің пікірталас дағдыларыңыз жақсарады.
 
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы 2020 жылдан бері Астана қаласы бойынша пікірсайыс қозғалысының координациялық орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта Астана қаласының 94 мектебінде 113 клуб (64-қаз, 34-рус, 15-ағылш.) және 17 колледжде 22 клуб (11-қаз, 9-рус, 2-анг) жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылындағы пікірсайыс қозғалысы мектептерде 3558 оқушыны, колледждер арасында 1000-нан астам студентті қамтыды. Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан басқа, БИЛ, Binom school мектептерінің оқушылары үлкен қызығушылық танытып, қалалық турнирлерге белсенді қатысады.

Өткен оқиғалар

FARABI CUP турнирі!

FARABI CUP турнирі!

Желтоқсан айының 9-10 жұлдызында Ұшқыр ой алаңының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күнінің қарсаңында “FARABI CUP” турнирі өтеді!
Күні: 9 желтоқсан 2023