A
F
O
S

«Голосок» музыкалық дамыту студиясының «Көктем әуені» атты мерекелік концерті өтті.

4 наурыз  әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, "Голосок" музыкалық даму студиясының жетекшісі Бугинас Брониславас Казисович ұйымдастырған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Көктем әуені" мерекелік концерті өтті.   
Концертке тәрбиеленушілердің аналары мен әжелері шақырылды.
Балалар көктем жайлы және аналарына, әжелеріне арналған әсем әндерін арнады. "Радуга", "Күншуақ", "Улыбка", "Балбөбек", "Солнышко", "Айналайын", "Домисолька", "Көңілді Ноталар", "Смешарики" топтарының балалары көрермендерге өздерінің мерекелік ән құттықтауларын сыйлады. Сахнаға Диас Еран, Әділет Сафаралиев, Ясмин Әшімова және Сафия Жанат сияқты кішкентай талантты солистер жарқырап шықты. Сондай - ақ, концертке студия түлектері, қазір Астананың музыкалық мекемелерінде вокал өнерін кәсіби түрде оқып жатқан-Жасмина Тузелова, Ақжарқын Айдосова және Элиф Йылдыз қатысты. Мерекелік концерт көрермендермен бірлескен әнмен аяқталды