A
F
O
S

«Арт-дизайн» бөлімінің сән көрсетілімі болып өтті

2 наурыз күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Арт –Дизайн бөлімінің ұйымдастыруымен  «FASHION SHOW» атты  сән көрсетілімі болып өтті.  Тамашалауға құрметті қонақ ретінде ата-аналар, оқушылар қатысты. Жас сәнгерлеріміз «Дефиле» үйірмесінің қыздарымен бірге өздерінің топтамасын ұсынды. Сонымен қатар Арт-Дизайн бөлімінің тәрбиеленушісі Мамыркул Фатима жеке топтамасын көрсетті.
Жас дизайнер Айша  және ең жас қатысушымыз Ситникова Ксения өз топтамаларын ұсынды. Бұл ерекше күн болды. Себебі он саусағынан өнері тамған бүлдіршіндеріміздің киім үлгілері  үлкен сахнада көрсетілді.   Арт-дизайн  бөлімінің педагогтері мен оқушыларының жыл  бойы тер төгіп, аянбай еңбек еткен авторлық  киім үлгілерін және олардын дефилелерін ата-аналар және қонақтар тамашалады!