A
F
O
S

Чемпиондар әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында

2024 жылдың 12 тамызында Астана қаласының әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Қазақстаннның мақтан тұтар чемпиондары мен оқушылар сарайы балаларының кездесуі өттіі.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру, спортты насихаттау.
Кездесу спортшылардың Оқушылар сарайының жұмысымен және ол жерде оқушыларға ашылған мүмкіндіктермен танысуымен басталды.
Спорт шеберлері: Армлифтинг пен пауэрспорт түрлерінің 27 дүркін әлем чемпионы, 21 дүркін әлем рекордшысы Сүлеймен Арман; бокстан 2013, 2015 жылдардағы екі дүркін Азия чемпионы, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасы чемпионы Данияр Елеусінов балалар үшін өздерінің шеберлік сабақтарын өткізеді. Шеберлік сабақтары балаларға спорт шеберлерінің өз спорт түрлеріндегі ерекше әдіс-тәсілдерімен танысуға мүмкіндік бермек. Шеберлік сабақтардан соң спортшылар мен балалардың сұхбаттасуы үшін кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат барысында оқушылар чемпиондардың жетістікке жету жолындағы кедергілер мен оларды жеңу жолдары, ел үшін додаға түскен уақыттағы эмоциялары мен жауапкершілік туралы және тағы басқа өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды.
Кездесу соңында балалар өздерінің сүйікті спортшыларынан қолтаңба алып, бірге суретке түсуге мүмкіндік алды.