A
F
O
S

Лингвистика апталығы «Тіл – достықтың кілті»

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 25.11.2024ж. күні лингвистика апталығының «Тіл – достықтың кілті» атты  апталықтың ашылуы өтті.  Мақсаты – оқушылар арасында достық, бірлік және көптілділікті дәріптеу. Әрбір тілдің маңыздылығын түсіндіру арқылы ынтымақтастыққа шақыру. Іс-шарада тәрбиеленушілер қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілінде сәлемдесіп, әр түрлі ойындарға атсалысып, тіл туралы мақал-мәтел, жұмбақтар шешті. Іс-шара соңында балаларға тәтті шоколодтар мен сыйлықтар таратылды.