Мерекелік қойылым театрландырылған көрініспен басталып, «Наурыз-думан» хореографиялық композициясымен жалғасты. «Фараби сазы» ұлт-аспаптар ансамблі, «Аймикс» вокалды студиясының өнерлері көрермендердің қошеметіне бөленді. «Арт-дизайн» үйірмесінің жас сәнгерлері қазақтың ұлттық киімдерімен дефиле көрсетіп, барлық қатысушылар, көрермендер «Қара жорға» биін биледі. Қойылымның соңында Қыдыр ата батасын берді.