A
F
O
S

Республикалық «FARABILAND-2025» шығармашылық байқауы өтті

2025 жылдың 3-4 сәуір аралығында  әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында үшінші рет республикалық «FARABILAND-2025» балалар шығармашылығының байқауы ұйымдастырылды. Байқау төрт номинация бойынша  өтті: хореография, театр, дизайн және спорт. Еліміздің әр өңірінен және  Астана қалаларынан  450-ге жуық бала қатысты.
Қатысушылардың өнерін бағалау үшін өнер және спорт саласындағы мамандардан әділ-қазылар алқасы құрылды.  Жүлделі орындарға ие болған балалар дипломдар, естелік сыйлықтармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.