A
F
O
S

«BILIM SHYŃY 2025» қалалық техникалық шығармашылық чемпионаты

Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне орай 12-13 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы  мектептері арасында «BILIM SHYŃY 2025» қалалық  техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың чемпионаты өтуде. Бұл — тек жарыс емес, бұл — болашақ инженерлердің, өнертапқыштардың және жаңашыл жастардың өз жетістіктерін көрсетуге арналған үлкен мүмкіндік.
Сонымен қатар «USTEM Foundation» қорымен бірлесе «BILIM SHYŃY FIRST» off-season жарысы ұйымдастырылды. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі техникалық шығармашылық байқауының санаттары көбейіп, мектеп жасындағы балалардың осы бағытта  қабілеттерін дамытуға және танытуға бағытталды. Чемпионатқа 200-ге жуық  өтініш түсіп, еліміздің түпкір-түпкірінен  50-ден астам командалар өз өнерлерін ортаға салып, тәжірибесімен бөлісті.
Чемпионат тек жеңіс үшін емес, білім мен тәжірибе алмасу үшін, достық пен ынтымақтастықты арттыру үшін маңызды.