A
F
O
S

BILIM SHYŃY - 2024

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, Астана қаласы мектептері арасында «BILIM SHYŃY - 2024» қалалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың чемпионаты өтетінін хабарлаймыз. Биылғы жылғы чемпионаттың жаңалығы STEAM FESTIVAL-ге қатысуға шақырады. Химия, биология, физика, информатика және жаратылыстану пәндері бойынша инновациялық идеялар ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыздар! Біздің чемпионат балаларға шығармашылық, кәсіпқойлық, бәсекелестік және достықты үйретеді.

Чемпионаттың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және түрлі номинация бойынша демеушілердің естелік сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер алғыс хатпен марапатталады.

  1. Әуе, зымыран, кеме модельдерін жобалауға қатысуға өтінімді сілтеме бойынша онлайн режимінде беруге болады https://docs.google.com/forms/d/1RZcwaImW6_n9v7jFe-fAuoOEgVLlqcJABBdEleVcv5c/edit. Қатысуға өтінімдер 30.03.2024 дейін Оқушылар сарайына ұсынылады.
  2. Робототехника бойынша қатысуға өтінімді сілтеме бойынша онлайн беруге болады https://docs.google.com/forms/d/1Sm9spT2XmgUDKoTayH7ivqyBq0l5b2Q3wRnqom6go-4/edit. Қатысуға өтінімдер 07.03.2024 бастап 25.03.2024 дейін Оқушылар сарайына ұсынылады. Көкпар ойынына тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/1hoWKX12MuPRjVY10J_QGaECWbny7wxxVwE-4scBm86I/edit  бойынша өтуге болады.
  3. STEAM фестиваліне қатысуға өтінімді сілтеме бойынша онлайн беруге болады https://forms.gle/9YJyLkVqt1LMQeZr5 тііркелу 20 наурызға дейін, қоса алғанда.

ҚОСЫМША АҚПАРАТТЫ ТЕЛЕГРАМ КАНАЛДА Телеграм каналға сілтеме: https://T.ME/BILIMSHYNI

Әуе, зымыран, кеме модельдерін құрастыру бойынша қалалық чемпионаттың ережесі
PDF, 0.86 Мб
Қарау Жүктеу
Робототехника бойынша қалалық чемпионаттың ережесі
PDF, 1.17 Мб
Қарау Жүктеу
STEAM фестивалінен қалалық чемпионаттың ережесі
PDF, 0.98 Мб
Қарау Жүктеу