A
F
O
S

«ЕЛІМ ДЕГЕНДЕР» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында қоғам белсенділері өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» атты республикалық байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Байқауды «Тіл тағдыры – ел тағдары» жобасын іске асыру аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік  бірлестігі ұйымдастырады.
Жоба жетекшісі Бибінұр Шербаеваның айтуынша, «Елім дегендер» байқауы екі кезеңнен, аймақтық іріктеу және республикалық кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер», «Дәстүрлі ән» сияқты төрт номинация бойынша бақ сынасады.
«Елім дегендер» байқауы қорытынды кезеңінің жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды. Әр аталым бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері марапатталатын болады.
«І орын иегерлері мөлшері 500 000 теңгені құрайтын сыйлыққа ие болса, ІІ орын иегерлеріне 300 000 теңгені табыстаймыз. Ал ІІІ орын иегерлері 200 000 теңгелік жүлдені еншілемек»
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 747 129 39 69 (Бибінұр).
Елім дегендер
DOCX, 0.09 Мб
Қарау Жүктеу