A
F
O
S

Интерактивті парк

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жас қазақстандықтардың шығармашылық және ғылыми білім алу әлеуетін дамыту мақсатында Астана қаласының Оқушылар сарайында Ұлттық Интерактивті Парк ашылды
Оқушылар сарайының Ұлттық Интерактивті Паркі заманауи ғылыми зертханалармен, спорт жабдықтарымен және интерактивті экспозияциялармен жабдықталған.
Ол зерттеулер жүргізу мен танымдық белсенді қызмет үшін мүмкіндіктер жасай отырып, келушілердің білгірлігін дамытуға және шығармашылық қабілетін арттыруға ықпал етеді

Интерактивті Парктің мақсаты – оқыту мақсаттарына қызмет ететін экспозиция құру, сондай-ақ келушілердің қызығушылығын арттырып, оларға ғылым мен оның әртүрлі салаларының мүмкіндіктерін көрсету.

Әбу Нәсір әл-Фараби «Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды» деген екен. Олай болса, Парк білім алушылар келіп, өнер және спорт саласына байланысты үйірмелерге қатысып, ғажайып экспонаттар, интерактивті білімділік аттракциондарымен өзара іс-қимыл жасау барысында фактілермен, заңдармен, табиғаттану қағидаттарымен айналысуға болатын орынға айналары хақ.