A
F
O
S

«БАЛАЛЫҚТЫҢ БОЙТҰМАРЫ» ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының «Балалықтың бойтұмары» жазғы лагерінің 1-ауысымы 2024 жылдың 03.06 – 14.06 аралығында болды.
Лагерьге 7 – 12 жас аралығындағы балалар қабылданды. 1 ауысым 10 күнді құрады. Лагерьдің уақыты: таңғы 8.30-дан түскі 14.00-ге дейін. Балалар таңғы ас және түскі ас ішті. 1-ауысымда 7 топ құрылды. Әр топқа топ жетекшілері бекітілді. Топ жетекшілері арнайы бөлінген уақыт кезінде балалармен «Парашют», «қолтырауын» және тағы басқа танымдық ойындар ойнатты.  
Лагерьде әр күнге кесте бойынша сабақтар қойылды. Балалар хореография, вокал, қолөнер, бейнелеу өнері, керамика, синтезатор, домбыра т.б үйірмелеріне қатысып, шығармашылықтарын шыңдады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында каратэ, суда жүзу, мұз айдыны, «Чемпиондар лигасы» эстафеталары жүргізілді. Спорттық іс-шаралар кезінде балалардың өмір қауіпсіздігіне аса назар аударылды. Суға жүзу кезінде бірнеше жаттықтырушылар жүріп, балаларға жүзу шеңберлері, тақталар, белбеулер таратылып отырды. Сонымен қатар балалар  театр бөлімінің дайындаған «Сиқырлы тұмар және Дэф» атты қойылымын тамашалап,  балалар театр қойылымын тамашалап, планетарийде мультфильм көріп, танымдық-музыкалық бағдарламаларға қатысты. Балалар әр сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздеріне жаңа достар тапты. Балаларға «Балалықтың бойтұмары» лагерінде демалған ұнады деген сенімдеміз. 1- ауысымда 98 бала демалды.