A
F
O
S

АНАЛАР МЕКТЕБІНІҢ МАҚСАТЫ:
- Отбасылық құндылықтарды дәріптеу;
- Ұлттық құндылықтарды насихаттау;
- Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналарға әлеуметтік қолдау көрсету:
- Аналарды белсенді түрде мектеп, қосымша білім беру өміріне қатыстырып, байланысын нығайту.
- Аналарға кез келген шығармашылық-білім  бастамаларында қолдау көрсету.
 
     «Аналар мектібі» жалпы патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Қазіргі қоғамда балаларды тәрбиелеудің  маңыздылығын ескере отырып, әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында кез келген шығармашылық-білім беру ісінде аналарды қолдау мақсатында  "Аналар мектебі" жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында тақырыптық кездесулер, экскурсиялар,медиа тұлғалармен бірге қызықты, пайдалы шеберлік сағаттары және т. б. іс-шаралар  бекітілген.  Аналар білімді және дені сау ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған көптеген жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырады. Жобада қазіргі таңда 50-ден астам белсенді аналар бар. «Аналар мектебінің» қатарын көбейту мақсатында сарайымыздың белсенді аналарын жобамызға шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылар сарайының «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрін насихаттап жүрген «Қазына» ансамблі өнер көрсетіп, балаларды құттықтап, жаңа оқу жылында зейіндері ашылып жетістіктері көп болуларына тілектес болды.
 25-қазан «Республика күніне» орай  әл-Фараби атындағы Оқушылар  сарайында «Аналар мектебінің» белсенді мүшелерімен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аналар «Біртұтас тәрбие» атты дөңгелек үстел басында ой- пікірлерімен алмасты. Сондай-ақ, «Арт-дизайн» бөлімінің «Киім модельдеу, пішу және тігу», «Моншақ пен тоқу » үйірмелерінің көрсетілім сабақтарын тамашалады.
 ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған "Ұлы даланың жеті қыры" атты ашық республикалық балалар бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері көрме-байқауы өткелуіне байланысты, «Аналар мектебінің» мүшелеріде осы байқауды қолдау мақсатында шеберлік сабақтар мен көрмеге қатысты.
    Осындай жобалардың аясында  сахнада бірге өнер көрсетуі, әр түрлі пікірталас туғызатын дөңгелек үстелдерде, кездесулерде аналар мен балалардың бірге қатысуы отбасылық қарым-қатынасты нығайта түсуде.