A
F
O
S

Сарай туралы

Астана қаласы әкімдігінің оқушылар сарайы

-Балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне негізделген мақсаттарды, құралдарды және ұжымдық әрекеттерді қамтамасыз ететін белсенді педагогикалық жүйе

Балалардың жеке, әлеуметтік және кәсіптік бейімділіктерін, қабілеттері мен ерекшеліктерін дамытудағы айқындаушы факторлардың бірі ретінде қосымша білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Осы орайда 2011 жылы бой көтерген Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы ғимаратының жалпы ауданы – 61274,6 шаршы метрді құрайды. Төрт қабаттан тұратын нысандағы кабинет саны – 842. Оқу кабинеттерінен бөлек Оқушылар сарайында жүзу бассейні, теннис корты, жеңіл атлетика залы, театр залы, көпфункционалды зал, форум залы, мұз айдыны, мәжіліс залы және қысқы бақ қарастырылған.

Сарайда көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, спорт бағыттары бойынша 98 үйірме жұмыс істейді. Жоғары білімді, әр түрлі кәсіби санаты бар мұғалімдер аталмыш үйірмелер бойынша сабақ береді.

Қаланың шеткері аймақтарындағы оқушыларды да қолжетімді қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында Оқушылар сарайының 3 филиалы мен 7 комъюнити орталықтары ашылған.

Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» шаруашылық жүргізу құқығына ие мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 13 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтып отыр.

Жыл сайын әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының мұғалімдері мен оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық дәрежедегі әртүрлі конкурстар мен жарыстардан жүлделі орындарға ие болып келеді.

Сарай туралы деректер

12432
барлық оқушылар
98
үйірмелер
3
үйірмелердің бағыттары
10
іс-шаралар жоспарланған

Сарай гимні