A
F
O
S

Бөлім жетекшісі

жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, 2023 жылғы 29 тамызынан бастап 2023 жылғы 05 қыркүйекке (осы датаны қоса алғанда) дейін жүргізіледі. 1 (бірінші) қабат, 6-кабинет.
Бос лауазымдар атауы:
1.Лингвистика бөлімінің бөлім жетекшісі- 1 штаттық бірлік
2.Бейнелеу өнері бөлімінің бөлім жетекшісі-1 штаттық бірлік
 
Функционалдық міндеттері:
Үйірмелер, клубтар, шығармашылық ұйымдардың балалармен жұмыс жасау барысын ұйымдастырады, қосымша білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді.
-Өзіне тікелей бағынатын қызметкерлердің жұмыс сапасын бақылайды.
-Қосымша білім беру педагогтарының жұмысын, әдістемелік жұмыс және бағдарламалық-әдістемелік материалдарды дайындау жұмыстарын басқарады.    
-Қосымша білім беру саласының оқу-тәрбие жұмысын, білім беру және демалу бағдарламаларын жоспарлау бойынша жұмыс атқарады. 
-Білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
-Сабақтарды өткізу үшін оқу кабинеттерін дайындалуын қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді, санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстанады. 
-Қалалық, аймақтық, республикалық, халықаралық конкурстарды, форумдарды және т.б. шараларды өткізуді ұйымдастырады. 
-Оқушылар өмірі мен денсаулығына, мекеме мүлігіне қауіп төндіретін жағдайлар жөнінде хабарлайды. Өз құзыреті шеңберінде оны жоюға қатысты шараларды қабылдайды. 
-Оқушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дағдылар мен әдеттердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
-Өз біліктілігін арттырады, сеніп тапсырылған бөлім педагогтарының біліктілігін арттыруға бақылау орнатады.
-Педагогикалық және басқарушы қызметкерлерді аттестациялау ережелеріне сәйкес, аттестацияны сәтті түрде жүргізген жағдайда педагогтарды біліктілік дәрежесін алуға ұсынады.
-Педагогикалық этика нормаларын ұстанады.
-Еңбек тәртібіне, ОС директорының бұйрықтары мен нұсқауларына, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың бекітілген тәрбіне бағынады. 
-Салауатты өмір салтын жүргізеді және оны қосымша білім беру педагогтарының арасында насихаттайды.
          
Білуі тиіс:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, "Бала құқықтары туралы Конвенцияны", "Тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы" Заңдарын және білім беру мен тәрбие мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
2.Жас ерекшеліктеріне байланысты және арнайы педагогиканы, психологияны, физиологияны, гигиенаны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін.
3.Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту ерекшеліктерін, олардың шығармашылық қызметінің негіздерін.
4.Таланттарды іздеу және қолдау әдістемесін; ғылыми-техникалық, эстетикалық, туристік-өлкетану, сауықтыру-спорттық және бос уақыт қызметін, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, мазмұнын.
5.Үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын.
6.Балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін.
7.Оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін.
8.Еңбек туралы заңнама негіздерін; санитариялық ережелер мен нормаларды.
9.Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.
10.Заманауи білім беру және компьютерлік технологияларды.
 
Құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

230000-250000 теңге

Білім беру мекемесінің атауы:
Астана қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК
Орналасу жері және пошта мекен-жайы:
Бауыржан Момышұлы көшесі, 5 ғимарат
Телефон:
87172701212, 87172701213
Электрондық пошта:
reception@afos.edu.kz
Хаттама №12
PDF, 1.34 Мб
Қарау
15 қосымша
DOCX, 0.02 Мб
Қарау
16 қосымша
XLS, 0.05 Мб
Қарау