BILIM SHYŃY - 2024
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, Астана қаласы мектептері арасында «BILIM SHYŃY - 2024» қалалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың чемпионаты өтетінін хабарлаймыз. Биылғы жылғы чемпионаттың жаңалығы STEAM FESTIVAL-ге қатысуға шақырады. Химия, биология, физика, информатика және жаратылыстану пәндері бойынша инновациялық идеялар ұсынып, жүлделі орынға ие болыңыздар! Біздің чемпионат балаларға шығармашылық, кәсіпқойлық, бәсекелестік және достықты үйретеді.
Чемпионаттың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және түрлі номинация бойынша демеушілердің естелік сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер алғыс хатпен марапатталады.