«ЕЛІМ ДЕГЕНДЕР» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында қоғам белсенділері өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» атты республикалық байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Байқауды «Тіл тағдыры – ел тағдары» жобасын іске асыру аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырады.
Жоба жетекшісі Бибінұр Шербаеваның айтуынша, «Елім дегендер» байқауы екі кезеңнен, аймақтық іріктеу және республикалық кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер», «Дәстүрлі ән» сияқты төрт номинация бойынша бақ сынасады.