Оқушылар сарайында 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңес барысында білім беру үдерісінің негізгі нәтижелері сараланып, үйірмелер мен секциялардың жұмыс сапасы, оқушылардың жетістіктері, қатысу көрсеткіштері және тәрбие бағытындағы атқарылған іс-шаралар талқыланды. Сондай-ақ, педагогтердің кәсіби даму мәселелері, екінші жартыжылдыққа қойылатын басым міндеттер мен жоспарлар айқындалды.
Алға қойған мақсаттарымыз айқын, бірлігіміз бекем!