A
F
O
S

2024-2025 оқу жылының педагогикалық кеңесі.

6 қыркүйек әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 2024-2025 оқу жылының бірінші Педагогикалық кеңесі болып өтті. 
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2024-2025 жаңа оқу жылының оқу-тәрбие жоспарларын бекіту.
а) Үйірме жұмыстарының ККЖ-ын, тәрбие беру жұмыстарының жоспарын, сабақ кестесін бекіту.
ә) Миндаль сайты бойынша жаңа оқу жылына жазылған оқушылар туралы есеп.
Үйірмелер мен секцияларды топтау, электронды журнал толтыру мен оны қадағалау.
2. Педагогтарды аттестаттау, курстан өтулерін қадағалау.
3. Жасанды интеллект мұғалімдер үшін құрал.
4. Жаңа оқу жылына дайындық барысында атқарылған жұмыстар туралы есеп.
5. 2023-2025 жылдарға араналған Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске қосу туралы.
6. Бейнелеу өнері бөлімінің есебі және өзге де сұрақтар. 
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, сәйкесінше қаулы қабылданды. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы мен материалдық-техникалық жағдайы жаңа оқу жылына дайын.