A
F
O
S

«Аймикс» вокалдық студиясы Италиядан олжалы оралды

2024 жылдың 21-24 маусым аралығында Италияның Римини қаласында “Sun of Italy” халықаралық конкурсы болып отты. Аталған конкурсқа әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «Аймикс» вокал студиясының тәрбиеленушілері де қатысып, жүлделі орындар алып қайтты. «Сәлем» тобы «Мама Мария» әнімен бірінші орынды, трионың «Туған ел» әні екінші орынды,  «Noi ragazzi do oggi» әнімен бірінші орынды, «Саржайлау» әнімен екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, жеке орындаушылар арасында Ашан Айша «Көктем вальсі» әнімен 3 орынды, Азаматқызы Айару «How far I’ll go» әнімен, Иброхимова Аниса «Вахдат» әнімен 2 орынды жеңіп алды. «Аймикс» вокалдық студиясының жетекшісі Капарова Динара Зиядиновна - білікті ұстаз, өз мамандығының нағыз шебері. «Аймикс» вокалдық студиясын жеңістерімен құттықтаймыз!