Астанада Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 10–11 сынып оқушыларына арналған "Farabi Cup" киберспорт турнирі өтті. Шараның мақсаты — киберспорт мәдениетін дамыту, командалық рух пен стратегиялық ойлауды жетілдіру болды
Турнирге Астана қаласының орта мектептерінен құралған командалар қатысты. Әр команда 5 ойыншы мен 1 жетекшіден тұрды
Жарыс барысында қатысушылар әділ бәсекелестік, тәртіп пен спорттық мінез-құлықтың маңызын түсініп, ІТ мен гейминг индустриясына деген қызығушылықтарын арттырды