A
F
O
S

«Бала жүрегі – өнер әлемі» атты шеберлік сағаты

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында  2026 жылдың 1 сәуірінде, дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған «Бала жүрегі – өнер әлемі» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатында сәндік-қолданбалы өнер бойынша   ата-аналар мен балаларға фетр материалынан «Раушан»  атты әшекей-түйреуішін жасау жолдары көрсетілді. Тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен ата-аналар мен балалар бұйымды өз қолдарымен жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Бұл жұмыс балалардың ұсақ моторикасын жетілдіруге, қиялын ұштауға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.