A
F
O
S

Балалар шығармашылығының “Шығармашылық өнерге саяхат!” көрмесі

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының Бейнелеу өнері (ИЗО) бөлімі декадасы аясында 2025 жылғы 9 желтоқсанда көркем галереяда балалар шығармашылығының «Шығармашылық өнерге саяхат!» атты көрмесі ашылды 
Сонымен қатар келесі қызықты шеберлік сабақтары өткізілді:
* «Жаңа жылдық ойыншық» — ИЗО үйірмесі, педагог Ақжігітова Айнұр Мұханбетқызы 
* «Кофемен сурет салу» — ИЗО үйірмесі, педагог Алтынсариева Гүлшара Жақсыбайқызы 
* «Синель сымынан гүл жасау» — «Заманауи дизайн» үйірмесі, педагог Закирова Халима Шаухатовна 
Іс-шараға шамамен 45 ата-ана мен бала қатысты 
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасы мен педагогтың өзара ынтымақтастығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуға бағытталған қосымша білім беруді қолдау болды