A
F
O
S

«Балалықтың бойтұмары» жазғы демалыс лагерінің 3 маусымы

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 29.07-09.08 аралығында «Балалықтың бойтұмары» жазғы балалар лагерінің 3 ауысымы өткізілді. Таңғы жаттығудан басталып, балалар Робототехника, Керамика, Хореография, Домбыра, Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Орыс тілі сияқты үйірмелрге қатысты. Сонымен қатар планетарийде мультфильм тамашалап, қысқы бақтың жылы жайында көктемде отырғызылған көкөністерді жинап, дәмін татты.   9 тамызда Абай Құнанбаевтың туған күніне орай поэзия сағаты ұйымдастырылды. Балалар Абай өлеңдерін жатқа айтып, нақыл сөздерімен танысты. Сондай-ақ, балалар сурет байқауына қатысты. Соңында балалар дипломдармен марапатталды.