A
F
O
S

«Балалықтың бойтұмары» жазғы лагері: жарқын сәттер мен ұмытылмас естеліктер

2025 жылғы 20 маусымда «Балалықтың бойтұмары» атты жазғы лагерьдің екінші маусымы өз мәресіне жетті. Маусым бойы балалар бос уақыттарын мазмұнды әрі тиімді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады, танымдық және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысты.
Соңғы күнгі қорытынды бағдарлама ерекше көңіл-күйде өтті. «Шабыт», «Бірлік» және «Самұрық» топтарының тәрбиеленушілері өз өнерлерін паш етіп, ән шырқап, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара соңында балалар мен тәрбиешілер бір-біріне шынайы алғыстарын айтып, лагерь ұжымына ризашылықтарын білдірді. Лагерьден балалар жаңа достар тауып, жағымды әсерлер мен жарқын естеліктермен оралды.
«Балалықтың бойтұмары» лагері жазғы демалыс кезінде балалардың тұлғалық дамуына, тәрбиесіне және мәдени-танымдық көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететін маңызды алаң ретінде өз жұмысын табысты аяқтады.