Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2026 жылдың 10.04 күні, Астана қаласы мектептері оқушыларының арасында өтетін техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың «БІЛІМ ШЫҢЫ-2026» қалалық чемпионаты ұйымдастырылды. Оқушылар робототехника және техникалық шығармашылық бойынша өз білімдерін сынады. Қатысушылар ғылыми-техникалық жобаларын, робототехника, инженерия, IT және өнертапқыштық бағыттарындағы тың идеяларын ұсынды. Чемпионат аясында қатысушылар сарапшылар алдында жобаларын қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.