A
F
O
S

Бірлік күніне арналған жарқын мерекелік бағдарлама

2026 жылдың 30 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Астана қаласының қосымша білім беру мекемелері – М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «Tanym» көпфункционалды кешені және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысты 
Пролог әр ұлттың билерінен қойылған хореографиялық композициямен басталып, «Ақ көгершін» әнімен жалғасты.
Тоғызқұмалақ, бестас ойындары ойналып, жас суретшілер мен дизайнерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар вокалды студиялардың, хореографиялық ұжымдардың концерттік бағдарламалары ұсынылды.
Балалар өз қолдарынан жасалған бұйымдарын көрермендерге таныстырып, аквагрим, визаж және маникюр шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара достық пен бірлікті насихаттауға бағытталды.