Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Спорт және туризм» апталығы аясында «Болашаққа үмітпен» атты жеңіл атлетикадан ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында спорттық іс-шара өтті. Қатысушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындап,30 және 60 метрге жүгіру бойынша өз күштерін сынады. Бұл күн — тек жарыс емес, ерік-жігердің, сенімнің, алға ұмтылыстың мерекесі болды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Әр қадам — жеңіс, әр бала — болашаққа үміт!