A
F
O
S

«Елім дегендер» өзге этнос өкілдері арасындағы республикалық шығармашылық байқауы

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында  Республика күні қарсаңында «Елім дегендер» өзге этнос өкілдері арасында республикалық шығармашылық байқауы өтті. Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Болашақ Қазақстанға» қорымен бірлесіп ұйымдастырылды. Өзге этнос өкілдерінің 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін көрсетіп, қалың көрерменге өз өнерін паш етті. Байқау қатысушылары «Эссе жазу», «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері» сияқты төрт номинация бойынша бақ сынасты. Байқаудың нәтижесінде «Эссе жазу» номинациясында Пачаханов Самандар, «Ақындық мүшәйра» номинациясында Камалова Рухшана, «Көркем сөз» номинациясында Евлоева Галина топ жарып, І орынды иеленді.
І орын иегерлеріне 300 мың теңгелік, ІІ орын иегерлеріне 200 мың теңгелік, ІІІ орын иегерлеріне 100 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар табысталды. Барлық жеңіспаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!