Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында 2025 жылдың 22 қарашасында «Елім дегендер» атты өзге этнос өкілдері арасында республикалық шығармашылық байқауы өтті. Байқау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Өзге этнос өкілдерінің 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін көрсетіп, қалың көрерменге өз өнерін паш етті. Байқау қатысушылары «Эссе жазу», «Халық әндерін орындау», «Көркемсөз өнері» сияқты үш номинация бойынша бақ сынасты.
Әр номинация бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар қаржылай сыйақы және дипломдармен марапатталды. Байқаудың нәтижесінде «Эссе жазу» номинациясында Рахматуллина Алсу, «Халық әндерін орындау» номинациясында Ирисметов Акрам, «Көркем сөз» номинациясында Асанова Мархаба топ жарып, І орынды иеленді. І орын иегерлеріне 300 мың теңгелік, ІІ орын иегерлеріне 200 мың теңгелік, ІІІ орын иегерлеріне 100 мың теңгелік ақшалай сыйлықтар табысталды.
Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!