Эл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2026 жылғы 27 наурызда төртінші мәрте республикалық «FARABILAND-2026» балалар шығармашылығы байқауы аясында қаратэ «Годзю-рю» спорт түрінен жарыс өтті
Жарысқа еліміздің Алматы, Атырау, Ақтау және Астана қалаларынан 80-ге жуық команда қатысып, өзара бақ сынады.
Жүлдегерлер дипломдармен және арнайы марапаттармен наградталды.
Қатысушыларға сәттілік, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!