A
F
O
S

«Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік концерті өтті

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2024 жылдың 12 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған  «ГолосОК» музыкалық даму студиясының жетекшісі Бугинас Брониславас Казисовичтің ұйымдастыруымен  «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертте «ГолосОК» музыкалық даму студиясының кішкентай бүлдіршіндері  өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ықыласына ие болды.  Мерекелік концертте  Қазақстан Республикасының  белгілі әншісі, сазгер Қайрат Баекенов пен Брониславас Казисовичтің өнер жолында жүрген шәкірттері өнер көрсетті.

«ГолосОК» музыкалық даму студиясының тәрбиеленушілерінің болашағы зор болып, өнерлері өрге жүзсін!