A
F
O
S

Халықаралық "Kazakhstan Smart Space" конкурсы өтті

2025 жылдың 9-11 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында Ғарыштық технологиялар мен техника бойынша 4-ші Халықаралық "Kazakhstan Smart Space" конкурсы өтті.
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғылыми-техникалық бөлімінің "Кеме-, авиамодельдеу" үйірмесінің командасы қатысып, "Іс-әрекет жүзіндегі модель" санаты бойынша жүлделі екінші орынға ие болды.
Команда: Исак Альгазиз, Омархан Ұлжан, Бакберген Айхан. Жетекшісі – Абдрашитов Қанат Абдрахманұлы. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!!!