7–14 қыркүйек аралығында Польша Республикасының Гливице қаласында әйелдер мен қыздар арасында дәстүрлі XX халықаралық турнир өтті.
Жарысқа Германия, Польша, Франция, Чехия, Венгрия, Италия, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да мемлекеттерден 400-ден астам спортшы қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жас спортшысы Бекмұрат Гүлбану аталмыш дүбірлі додада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, III орын иегері атанды және қола жүлдені жеңіп алды!
Спортшымыздың жаттықтырушысы – Тұрсынов Болат.
Жас спортшы мен оның бапкерін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!