Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 26 наурыз күні ХХ «JULDYZAI» балалар шығармашылығының республикалық фестиваль-байқауының Астана қаласы бойынша І іріктеу кезеңі өтті. Байқау «Вокал», «Хореография», «Аспаптық орындау», «Әнді ыммен орындау» номинациялары бойынша онлайн форматта өткізілді. Қала бойынша 40-қа жуық бала қатысып, бас жүлде 1,2,3 орындар иеленген балалар диплом және сыйлықтармен марапатталды.