A
F
O
S

Оқушылар сарайында Ғалым Кәлменмен кездесу

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайындағы «Жаңа үн» журналистика үйірмесінің жетекшісі Айнұр Тоқтарханқызының ұйымдастыруымен жас журналистер үшін тағылымы мол, мазмұны терең кездесу өтті.
Кездесу қонағы —1 Евразия телеарнасының дикторы, танымал тележүргізуші, «Пендеміз ғой» ток-шоуының тізгіншісі Ғалым Кәлмен мырза. Салмақты ойы, кәсіби журналистикадағы бай тәжірибесі, экран мәдениеті мен өмірлік ұстанымдары туралы әсерлі әңгіме өрбіді. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, шынайы жауаптар алып, журналистика әлемінің ішкі қыр-сырын жақыннан таныды.
Кездесу барысында оқушылар: диктор рөлінде өздерін сынап көрді, өлең оқып, сахна мәдениетін көрсетті, тікелей репортаж жасап, кадр сыртындағы жұмысты сезінді, сол сәттің өзінде «Тәтті әлем» бағдарламасының форматына қонақ болып, тележурналистиканың нағыз атмосферасына еніп кетті.
Бұл — жай ғана кездесу емес, нағыз практикалық медиа-сабақ болды. Балалар кәсіби маманнан тікелей кеңес алып, экран алдындағы сенімділік пен сөз мәдениетінің маңызын терең түсінді.
Мұндай кездесулер — жас қаламгерлер үшін үлкен мотивация, шабыт пен сенімнің бастауы.