Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін! Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық штабының өкілдері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен енгізілген жаңашылдықтар кеңінен түсіндірілді. Спикерлер реформалардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар білім беру саласының стратегиялық маңызы, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды нығайту мәселелері ерекше назарға алынды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, ұжым мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.