A
F
O
S

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Әл - Фараби атындағы Оқушылар сарайында  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық ойындардан марафон өткізілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. Марафонда оқушылар сарайының жас спортшылары асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, қол күресі, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан жарысты. Іс-шарада «Хореография», «Аспаптық» бөлім үйірмелерінің тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.