Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 24 ақпан күні шығармашыл педагогтерді қолдау мақсатында қосымша білім беру педагогтері арасында «Үздік педагог» байқауы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. Аталған іс-шараға бірнеше педагогтер қатысып, екінші кезеңде жеті педагог бақ сынасты. Қатысушылар үйірме жұмысын көрсетіп, педагогикалық идеяларын қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған педагогтер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
1-орын Алтынсариева Гүлшара Жақсыбайқызы
2-орын Казбекова Толқын Умербековна
3-орын Закира Халима Шаухатовна
3-орын Шалқар Қабдешұлы
«Жаңашыл педагог» номинациясы Сейдуәлі Әсел Уәлиханқызы
«Жаңа үн» номинациясы Ильясова Торғын Сапарбековна
«Шығармашыл педагог» номинациясы Алпысбаева Гүлназ Кабдыгалиевна
Бұл байқау қосымша білім беру саласының маңызын айқындап, педагогтердің кәсіби дамуына үлкен серпін берді.