A
F
O
S

Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі

Республикалық ғылыми - педагогикалық конференциясы
2024 жылғы 3 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы ролі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халық пен жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұраны зерттеу. Конференция екі бөлімнен тұрды.
Пленарлық отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры,  А. Танирбергенова, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, «Еуразия тарихы мен мәдениетін зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындагы Еуразия Ұлттық университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессоры С. Сыздыков, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» каферасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері М. Дәулетбақ, С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің философиялық ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессоры А. Тулеубеков және т.б. қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында әл-Фарабидің философиялық мұрасының әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалар оқылды.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 4 секция жұмыс істеді:
- әдебиет секциясы «әл-Фараби және оның әдеби мұрасы»:
-  тәрбие секциясы «Білімнің кілті - тәрбие»;
- ғылым секциясы «Шын білім – ақиқат, анық білім»;
- өнер секциясы «әл-Фарабидің өнер әлемі».
Республикалық конференция барысында қатысушылар әл-Фарабидің дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін, оның философия, лингвистика, психологияға арналған еңбектерінің түпкі идеяларын, сондай-ақ ұлы ойшылдың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты талқылады.
Конференцияға Астана, Алматы, Ақтау қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлытау, Қостанай облыстарының барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Сондай-ақ конференция бағдарламасы аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар» қорымен таныстырылады.
 «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарын жинақта жарияланып, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың ресми сайтында орналастырылады.