A
F
O
S

«Ұлы дала көктемі» мерекелік іс-шарасы

2026 жылдың 19.03 күні,  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай  «Ұлы дала көктемі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламада «Жаңа үн» медиа студиясы тәрбиеленушілерінің және «ALTYN ANA» аналар мектебінің қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін театрландырылған көрініс көрсетілді. Бұл көрініс арқылы көрермендер ата-бабадан келе жатқан құндылықтар мен ұлттық мұраның мән-маңызын тереңірек сезіне алды. Мерекелік ісшараға үлес қосқан аналар мектебінің әжелеріне алғыс хат табысталды.

Мерекелік концерттік бағдарламада хореографиялық композициялар ұйымдастырылып, Наурыз мерекесі мен көктемнің келуін жырлайтын әсем әндер шырқалды. Баршаңызды көктемнің  жарқын мерекесін біргше қарсы алып, Наурыздың шаттығын бірге бөлісуге шақырамыз.