A
F
O
S

«Ұлы даланың жеті қыры» атты республикалық бейнелеу өнері көрме байқауы өтті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, 2024 жылдың 05 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай жас суретшілердің бейіндік бағыттарын айқындап, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында  «Ұлы даланың жеті қыры» атты республикалық балалар бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері көрме байқауы  өтті.

Бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері көрме байқауына  5-7 жас, 8-12 жас және 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Байқауға еліміздің барлық облыс, қалаларының жас суретшілері қатысты. Жүлде иегерлері кубок және дипломдармен марапатталып, номинация иегерлері  мен жетекшілерге  алғыс хаттар табысталды.