Республикалық «Мың бала – 2025» жобасы аясында «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында» Лингвистика бөлімі ұйымдастырған KazQuiz интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде өтті!
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері еліміздің тарихы мен әдебиеті бойынша білімдерін ортаға салып, зияткерлік батлда өзара бақ сынасты.
Шара оқушылардың отансүйгіштігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Зияткерлік сайыс 3 кезеңнен тұрды:
І кезең – «Тарихтан сыр шерткен»
II кезең – «Сөз мерген» (мақал-мәтелдерді толықтыру, мағынасын түсіндіру)
III кезең – «Тұлғаны таны» (тарихи тұлғаларды сипаттамасы арқылы табу)
Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, тамаша көңіл-күймен тарасты.