A
F
O
S

Музыка мен өнердің тамаша кеші: Аспап бөлімінің жылдық концерті өтті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 2026 жылдың 21 сәуірінде аспап бөлімінің жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде, ерекше әсерлі әрі мазмұнды түрде өтті.
Концерттің шымылдығын «Фараби сазы» домбырашылар оркестрі ашып, кештің көркін қыздырды. Бағдарлама барысында барлық тәрбиеленушілер халық және классикалық аспаптарда өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті .
Бұл кеш тек есеп беру концерті ғана емес, өнерге деген сүйіспеншілікті арттырып, көрерменге рухани ләззат сыйлаған ерекше мәдени шараға айналды .
Сонымен қатар, аспап бөлімінің педагогтері елеулі еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды .