A
F
O
S

NAURYZ-2024

Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2024 жылдың 14 наурызында «Көрісу» күніне арналған «NAURYZ-2024» мерекелік қойылымы болды
Мерекелік қойылым театрландырылған көрініспен басталып,  «Наурыз-думан» хореографиялық композициясымен жалғасты. «Фараби сазы» ұлт-аспаптар ансамблі, «Аймикс» вокалды студиясының өнерлері көрермендердің қошеметіне бөленді. «Арт-дизайн» үйірмесінің жас сәнгерлері қазақтың ұлттық киімдерімен  дефиле көрсетіп, барлық қатысушылар, көрермендер «Қара жорға» биін биледі. Қойылымның соңында Қыдыр ата батасын берді.