A
F
O
S

«Өнер саласындағы геймификация бойынша семинар-диспут»

2026 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында
«Ойын арқылы өнерге: музыка, вокал және би үйірмелеріндегі геймификация құралдары» атты қалалық семинар-диспут өтті.

Семинар жұмысы тіркеуден басталып, ашылу бөлімінде интерактивті танысумен жалғасты.
Алғы сөзбен Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Кушибаева Раушан Ғаниевна сөз сөйледі.

Бағдарлама аясында педагогикалық шеберлік сағаттары өткізілді.
Бугинее Татьяна Васильевна «Фортепиано сабақтарындағы интерактивті оқыту: Soft Mozart – мотивациялық құрал» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

«Үркер» би ансамблінің жетекшісі Лечева Бибигуль Тельжановна «Шаршамай билеу: ойын арқылы сергіту» тақырыбында практикалық сабақ көрсетті.

Сонымен қатар Бугинас Брониславас Казисович «Сиқырлы дыбыстар баспалдағы» ойыны арқылы дыбыс қатары жөнінде түсінік қалыптастыру әдістерін ұсынды.

Семинар барысында «Жасанды интеллект – шығармашылық идея генераторы» тақырыбында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еримбетов Нурсултан Есімжанович, қосымша білім беру педагогтері
Мустакимова Гульназ Рамазановна және Досаева Арайлым Қаратайқызы қатысушылармен заманауи технологиялардың өнер саласындағы мүмкіндіктерін көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды бөлімде барлық қатысушылар жиналып, «Ойын арқылы үйрету – заманауи педагогтің тиімді құралы ма?» тақырыбында диспут өтті.
Педагогтер топқа бөлініп, өз пікірлерін дәлелдеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ «Күн шуағы» тренингі ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі арттырылды.

Семинар-диспут соңында қорытынды сөз айтылып, қатысушыларға сертификаттар табысталды және естелік суретке түсірілді.

Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, геймификация құралдарын тәжірибеде тиімді қолдануға бағытталған маңызды алаң болды.