Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайына №67 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиеленушілері арнайы келіп, «Ұшу, қалықтау, жүзу» интеграцияланған эксперименталды алаң бағдарламасы аясында алғашқы техникалық модельдеу үйірмесіне қатысты.
Сабақ барысында балалар «Жеңіл ұшақ жасау» тақырыбында қызықты шеберлік сабағын орындап, қағаздан ұшақ құрастыруды үйренді. Осындай үйірмелер балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігін, логикалық ойлауын және жан-жақты дамуын арттыруға бағытталған.