A
F
O
S

«Nomad Stars» – жылдық есеп беру концерті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 20 мамыр күні «Аймикс» вокалдық студиясының «Nomad Stars» атты жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында көрермендерге түрлі жанрдағы әсем әндер ұсынылып, жас өнерпаздар өз таланттарын паш етті. Студияның жетекшісі Капарова Динара Зиадиновна - өз ісінің нағыз маманы, шығармашыл әрі ізденімпаз педагог. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен еңбегінің арқасында студия шәкірттері сахнада жанды дауыста өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш ерекше әсерге, көтеріңкі көңіл күйге толы болып, өнерсүйер қауымға ұмытылмас әсер сыйлады.