Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы Әдістемелік орталықпен бірлесіп, Астана қаласы мектептерінің көркем еңбек, графика және жобалау пәндері мұғалімдеріне арналған «Пәндік құзыреттілікті тереңдету және жаңарту» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинар барысында «Ұшу, қалықтау, жүзу» бағытындағы авиамодельдеу, зымыранмодельдеу және кемемодельдеу үйірме сабақтарын жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәнімен интеграциялау бойынша тәжірибе алмасу бағдарламасы таныстырылды.
Сонымен қатар, workshop форматында қатысушыларға ұшақ қанаттарын жасау үдерісі көрсетіліп, атом энергиясы тақырыбы аясында 3D бағдарламалар мен интерактивті мультимедиялық үдерістер таныстырылды. Сондай-ақ лазерлік станокпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері бойынша тәжірибелік жұмыстар ұсынылды.